«Үркер-2017» баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы ұлттық сыйлық
өтінімдерді қабылдау уақыты:
1
4
1
9
0
2
3
6
күн
сағат
минут
секунд
Сыйлықтың ұйымдастырушысы -
«Қазконтент» АҚ



+7 (7172) 79 82 06 (ішкі.157)

+7 (7172) 79 82 06 (ішкі.115)
Сыйлықтың құрылтайшысы -

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін арттыру, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Конкурс мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, кәсіби журналистиканы дамытуға қосылған үлестерді көрсету, және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аударту.
Сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі 2017 жылдың 28 маусым күні өтеді.
Үздік фотосурет
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспа басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған фотосурет. Файлдың форматы: JPG, JPEG.
Үздік репортаж
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспа басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Оқиғаны түсіндіру тереңдігіне және ұсыну тәсіліне назар аударылады.
Үздік аналитикалық материал
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспа басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Қамтылатын фактілердің тереңдігіне, талдаудың толықтығы мен қорытынды сапасына, тақырыптың қоғамдық маңыздылығына назар аударылады.
Үздік журналистік зерттеу
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспа басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Ақпаратты жинаудың жоспарлылығына, зерттеудің жүйелілігіне және қорытындылардың эксклюзивтілігіне назар аударылады.
Үздік сұхбат
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспа басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Талқыланатын мәселелердегі журналистің біліктілігіне, сұхбатты құруына және диалогтың психологиялық аспектілеріне назар аударылады.
Қазақстан туралы үздік танымдық материал
«Туған жер» бағдарламасының мәнмәтінінде. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспа басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Ұсыну тәсіліне, тақырыпты ашу тереңдігіне және эксклюзивтілігіне назар аударылады.
Үздік халықаралық аналитикалық материал
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспа басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Екі тақырыпқа назар аударылады – халықаралық қауымдастықтағы Қазақстанның рөлі, әлемдік оқиғалар Қазақстан дамуының мәнмәтінінде.
Журналистикадағы дебют
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында мерзімді баспа басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста жарияланған материал. Публицистикалық стильге назар аударылады. Бұл номинацияда 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін 21 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Үздік радиобағдарлама
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында радиожиілікті қолдану арқылы хабар тарататын радиостансалардың эфиріне шыққан бағдарлама. 30 минуттан аспайтын хронометраж (мерзімді бағдарлама болған жағдайда бір шығарылым ғана қарастырылады), тақырыптың өзектілігі мен форматтың эксклюзивтілігіне назар аударылады. Файл форматы: mp3.
Үздік аймақтық радиостанция
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінім берген күнге дейінгі аралықта тек қана бір облыстың, Астана немесе Алматы аумағында радиожиілікті пайдалану арқылы тәулік бойы хабар тарататын радиостанса. Өтінім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы радиостансаның қызметін сипаттайтын жобаларды, бағдарламаларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы стансаның төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). 30 минуттан аспайтын хронометражымен, mp3 форматындағы эфирімен аудиофайл қоса берілуі керек.
Үздік аймақтық баспасөз басылымы
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында 4-тен кем емес нөмір шығарған, уәкілетті органда тіркелген баспасөз басылымы. Өтінім баспасөз басылымының қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы баспасөз басылымының төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Баспасөз басылымының бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы қоса берілуі керек. Басылу сапасы мен түстілігі есептелмейді.
Үздік салалық баспасөз басылымы
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында 4-тен кем емес нөмір шығарған, уәкілетті органда тіркелген баспасөз басылымы немесе 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінім берген күнге дейінгі аралықта желіде қолжетімді интернет-басылым. Өтінім басылымның қызметін сипаттайтын негізгі тақырыпты, жобаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы баспасөз басылымының төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Баспасөз басылымының бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы немесе интернет-басылымның PDF форматындағы материалдар дайджесті қоса берілуі керек. Интернет-басылым үшін көрсетілген уақыттағы кірушілер саны бойынша есептілік қоса беріледі (google analytics немесе яндекс метрика). Басылу сапасы мен түстілігі есептелмейді.
Үздік жыл журналы
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында 4-тен кем емес нөмір шығарған баспасөз басылымы. Өтінім басылымның көрсетілген уақыттағы қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы баспасөз басылымының төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Журналдың бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы қоса берілуі керек.
Қазнеттегі Медиасерпіліс
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінім берген күнге дейінгі аралықта Интернет желісінде қолжетімді ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурс. Өтінім интернет-ресурстың көрсетілген уақыттағы қызметін сипаттайтын жобаны, вирустық және өзге контентті, іс-шараны, конкурсты, форумды немесе басқа интернет-оқиғаны және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы презентация түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Көрсетілген уақыттағы кірушілер саны бойынша есептілік қоса беріледі (google analytics немесе яндекс метрика).
Үздік республикалық баспасөз басылымы
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында 4-тен кем емес нөмір шығарған, уәкілетті органда тіркелген баспасөз басылымы. Өтінім басылымның көрсетілген уақыттағы қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы баспасөз басылымының төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы қоса берілуі керек.

010000, Қазақстан,
Астана, Мангилик ел, 4

+7 (7172) 79 82 06 (ішкі.157)
+7 (7172) 79 82 06 (ішкі.115)
“Казконтент” АҚ © 2017